РМИ ішіндегі әйелдер консультациясы және күндізгі стационар
Жүктілік кезінде әйел ағзасына қосымша көңіл аудару мен бақылау талап етіледі, өйткені осы кезде оған айтарлықтай қосымша жүктеме түседі. Бұл әсіресе жүктілікке дейін репродуктивтік жүйесінде қиындықтар байқалған немесе қосалқы репродуктивтік технологияларды (ҚРТ) қолданғаннан кейін ұрықтану жасалған пациенттерге қатысты. Жүктілік кезінде тек қана гинеколог емес, сондай-ақ басқа мамандардың кәсіби көмегі қажет болатын неше түрлі жағдайлар орын алуы мүмкін.
РМИ клиникасындағы әйелдер консультациясы – бұл саланың ең жоғарғы стандарттарына сай келетін заманауи медициналық мекеме. Бұл жерде келесі мамандар қабылдайды:
- Жоғарғы дәрежелі акушер-гинекологтар;
- Терапевттер, кардиологтар, инфекционисттер;
- Маммолог, эндокринолог, онкогинеколог;
- Урологтар, андрологтар;
- Психотерапевттер.
Сол сияқты, біздің орталықта генетикалық диагностикадан өтіп, тұқым қуалайтын аурулар мен патологиялар (генетика) бойынша маманның кеңесін алуға болады.
Жаңа диагностикалық және зертханалық жабдық нәтижелері жоғарғы дәлдікпен ерекшеленетін ең күрделі зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Біздің клиникамыздың пациенттері келесі зерттеулерден өте алады:
- Иммундық ферменттік талдау;
- Генетикалық УДЗ (скрининг)
- УДЗ, допплерография;
- Кардиотокография (КТГ);
- Спермограмма және шәуетті толық талдау;
- Клиникалық талдаулардың барлық түрлері (клиника, биохимия).
Сонымен қатар, консультацияда пренаталды диагностиканың инвазивті әдістері өткізіледі:
- Хорион биопсиясы;
- Кордоцентез.
Жан жақты зерттеу болашақ ана мен құрсақтағы ұрықтың жағдайы туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік береді. Осының арқасында түрлі патологияларды анықтауға, және сол себептен оларды уақтылы емдеуге мүмкіндік туады.
Жоспарлы қарау мен кеңес беруден басқа әйелдер консультациясы келесідей жұмыс жүргізеді:
1. Жүктілік алдындағы дайындық:
- жүктілікті жоспарлау;
- жүктіліктің үйреншікті түрде соңына дейін жетпеуі мен бедеулік кезіндегі жүктілікті жоспарлау.
2. Туыларалды бақылау:
- Физиологиялық жүктілікті жүргізу;
- Жүктілікті ҚРТ кейін жүргізу;
- Жоғарғы тәуекел тобының жүктілігін жүргізу;
- көпұрықты жүктілік;
- ұрықты түсіріп алу синдромы.
3. Қанның теріс-резустығы бар әйелдердің жүктілігін жүргізу.
4. Босанғаннан кейінгі бақылау:
- емізу дағдыларына үйрету;
- нәрестеге күтім жасау;
- босанғаннан кейінгі контрацепция;
- босанғаннан кейінгі гигиена;
- эстетикалық қалпына келтіру;
- психоэмоциялық қолдау.
РМИ әйелдер консультациясы іргесіндегі күндізгі стационар
Репродуктивтік Медицина Институтында ақылы күндізгі стационар жұмыс істейді. Ол пациентке жасалғаннан кейін біраз уақыт төсек режимін қажет ететін немесе жағдайын медициналық қызметкерлердің бақылауын қажет ететін әр түрлі емшаралар мен манипуляциялар жүргізуге арналған.
Біздің стационарымызда орындалатын емшаралар:
- Физиотерапевтік процедуралар (гинекология, урология);
- Гинекологиялық және акушерлік процедуралар;
- Бұлшықетішілік немесе тамырішілік дәрілік ерітінділерді құю;
- Кейбір талдауларды дайындау және алу;
- Басқа мамандық дәрігерлерін тарта отырып, гинекология бойынша мамандардың кеңестері;
- Кешенді зерттеу және басқасы.
РМИ гинекологиясындағы күндізгі стационар — бұл қолайлы және жайлы палаталар, жаңа жабдық және мұқият күтім көрсететін қызметкерлер. Ақылы күндізгі стационарда болу қажетті емшаралардан өтуге және бұл ретте әдеттегі өмір салтын бұзбауға мүмкіндік береді. Сапалы қызмет көрсету біздің пациенттерімізге тек қолайлылық қана беріп қоймай, олардың тез сауығуын қамтамасыз етеді.
Сіз күндізгі стационардағы қызметтердің тізімін және құнын «Байланыс» бөлімінде көрсетілген телефондарға қоңырау шалып, біле аласыз.
Жүктілікті жүргізу: болашақ ата-аналарға арналған бағдарламалар
РМИ әйелдер консультациясының дәрігерлері кеңес беру мен күндізгі стационарда емдеуден басқа бірегей авторлық әдістемелер – болашақ ата-аналарға арналған бағдарламалар әзірленген. Бағдарламаның әрқайсысы болашақ ата-ананың белгілі санатына арналған және қатер факторларын барынша азайтуға және түрлі жоспарлы мәселелерді – физиологиялық, психологиялық және басқаларын шешуге көмек көрсетуге бағытталған.
Жүктілікке дайындау бағдарламасы
Бағдарлама ата-ана болуды енді ғана жоспарлағандарға арналған. Оған кіретіні:
- Жұптың репродуктивті денсаулығына диагностика жасау үшін гинекологтың, уролог-андрологтың кеңесі;
- Жыныстық саладағы қабыну мен инфекциялық ауруларды анықтауға зерттеу;
- Гинекологиялық ауруларды емдеу;
- Жатыр мойны патологиясын анықтау және радиологиялық әдіспен емдеу;
- Урологиялық ауруларды емдеу;
- Жолдастың біреуіндегі немесе екеуіндегі бедеулікті емдеу;
- Генетика бойынша маманнан кеңес алу;
- Сараптамалық класстағы УДЗ.
Жүктілікті бақылау бағдарламасы
РМИ әйелдер консультациясында жүктілікті жүргізу бағдарламасы әр пациентке жеке қарауды көздейді. Әрбір жеке жағдайда бағдарлама зерттеулердің нәтижелерін және жүкті әйел ағзасының күйін ескере отырып құрастырылады. Бағдарламаға кіретіні:
- Перзентханаға түскенге дейін тіркеуге алыну және жеке маманның (акушер-гинекологтың) бақылауында болу;
- Кешенді зерттеу және, қажеті болса, әр түрлі мамандардан кеңес алу;
- Зертханалық диагностика (клиникалық және биохимиялық талдаулар);
- Пациент пен құрсақтағы ұрықтың жағдайына мониторинг жасау – ұрыққа УДЗ (скрининг), КГТ, гравидограмма, ұрықжолдас тамырларының допплер жасау.
Жүктілікті жүргізу бағдарламасы үшін перинаталдық зерттеу мен кеңестердің толық тізімі.
Жүктілікті зерттеу мен жүргізуден басқа біздің орталықта жүктілерге арналған курстар бар, онда Алматының ең үздік мамандары жүктіліктің өтуі мен босануға дайындық кезеңіне байланысты әр түрлі сұрақтарға жауап береді.
Босануға дайындық бағдарламасы
Аталған бағдарлама әйелдерді босануға физиологиялық және психологиялық тұрғыдан дайындауға бағытталған. Болашақ аналар мектебіндегі мамандардың кеңестері мен сабақтары жүкті әйелдерге сол кезге тән абыржуды қолға алуға көмектеседі және бала туар алдындағы олардың жайлы физикалық және психологиялық күйде болуына септігін тигізеді. Босану алдындағы дайындық келесі мәселелерді зерттеуден тұрады:
- Айтолғақ деген не;
- Босанудың қандай кезеңдері болады, олардан қалай өту керек;
- Босану кезіндегі анестезия;
- Босану кезіндегі релаксациялық әдістерге үйрету;
- Емізу негіздері;
- Нәрестеге күтім жасау;
- Босанудан кейінгі кезеңдегі контрацепция.
Репродуктивтік Медицина Институтының мамандар командасы жүктіліктің кез келген сатысында өз пациенттеріне барынша қолдау беріп, дені сау мықты сәбилерді дүниеге келтіруге көмектеседі!