submokoznaya_mioma_matki

Adelya Kystaeva
Самая лучшая Лилия Григорьевна, врач с большой буквы!!! Всегда очень чуткая, благодаря ей я смогла ВыноситЬ двойню)) а так же после еще родить девочку🥹😍
Айым
Кайырлы кун ИРМ ужымы!!! Сиздерге жаксы жаналыкпен болисейин деп жазып отырмын. 14.10.2026 ж күни екинши кызымыз дүниеге келді. Биринши улым да сиздердин улдарыныз. Врачымыз Зәуре Куттыгуловнага арнайы алғыс. Өте биликти мыкты маман. Ең киын кездерде өте жаксы колдау көрсетіп , жолдасыма да акылын айтып жанашырлык танытты. 2023 ж бери сол кисиге барамыз. Алланың калауымен 2025 ж улды , 2026ж кызды болдык. Канат Намазбаевичке арнайы рахмет. Эмбриология мамандарына, лаборатория мамандары енбектеринизге мың алғыс. Медсестра Хадишага арнайы рахмет. Еш дореклилик танытпай , әр наукасты танып жеке конил болип жағдайымызды сурайды. Бунын бари сырт көзге калыпты жай болғанымен биздер ушин өте маңызды. Адал енбектериниздин жемисин еки дуниедеде кориниздер. Мың алғыс. Үлкен махаббатпен Алдияр мен Айсезім балапандарыныздын ата-анасы!!!
Ақерке
Сәлеметсіздер ме! Аты-жөнім — Тіркеш Ақерке. Тұрмыс құрғаныма 4 жыл болды. Осы жылдар бойы сәби сүюді армандап, талай сынақтан өттік. Бізге ата-ана болу бақытына бір қадам жақындауға себепші болған репродуктолог Қаныш Болатұлына, операциялық блок қызметкерлеріне және эмбриологтарға шын жүрегімнен алғысымды білдіремін. ❤️ Сіздердің кәсіби еңбектеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында бүгін біз көптен күткен арманымызға жеттік. Қазір жүрегімнің астында кішкентай ғана ғажайыбымыз өсіп келеді. 🥹🤰🏻 Әрқайсыңызға мың алғыс! Еңбектеріңіз жемісті болып, әлі талай отбасының көптен күткен арманының орындалуына себепші бола беріңіздер! 🤲🏻❤️
Асем
Құрметті Ақерке Бахтияровна! Сізге деген алғысымды сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сіз — өз ісіңізді жүрекпен атқаратын, әрбір пациентіңіздің көңілін таба білетін, жанашыр жан ретінде қарайтын ерекше мамансыз. Әрбір жылы сөзіңіз, сабырлы мінезіңіз, кәсіби біліміңіз бен адамға деген мейіріміңіз бізге үлкен демеу болуда. Сіздей білікті де білімді, жүрегі мейірімге толы дәрігердің жолыққанына шын жүректен ризамын! Еңбегіңіз әрдайым еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Емдеген, нәтижеге қол жеткізкен, ана бақытын сезініп қуанған әрбір пациенттеріңіздің алғысы өзіңізге еселеп қайтсын. Жүрегіңізден жылулық, жүзіңізден күлкі, шаңырағыңыздан береке кетпесін. Алла Тағала өзіңізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен мол бақыт берсін! Ақ халатты абзал жан ретінде талай адамның өміріне үміт пен қуаныш сыйлай беріңіз! Сізге деген алғысым шексіз! Еңбегіңіз жемісті, мерейіңіз үстем, әр күніңіз қуанышқа толы болсын! ❤️

Оставить отзыв

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *





*Ваш отзыв будет проходить модерацию в течении 10 дней

Мы в соцсетях: IRM ссылка на youtube IRM ссылка на facebook