Бедеулікті ҚРТ әдістерімен емдеу
Бедеулікті ҚРТ әдістерімен емдеу
Бедеулік – репродуктивтік жастағы бір немесе екі серіктің де бір жыл бойы контрацепция әдістерін және құралдарын қолданусыз жүйелі жыныстық өмір кезінде ұрықтануға қабілетсіздігі. Бедеуліктің келесі түрлері бар:
- Әйелдерде – овуляцияның бұзылуы, қабыну процестері, репродуктивтік жүйе органдарының құрылымындағы патология, эндометриоз, жас ерекшелік өзгерістер және басқа;;
- Ерлерде – сперматозоидтер санының жетіспеушілігі немесе жоқтығы, гидроцеле, варикоцеле, простатит, везикулит, репродуктивтік органдар дамуындағы немесе құрылымындағы проблемалар және басқа;;
- Аралас – ұрықтану проблемасы екі серікте де бар;
- Иммунологиялық (серіктердің бір-біріне сәйкес келмеуі);
- Белгісіз генезді бедеулік (идиопатиялық).
Статистикаға сүйенсек, ерлер және әйелдер бедеулігіне клиникалық жағдайлардың жалпы санынан 80% жуығы келеді, 15-18% жуығы — аралас типті бедеулік. Иммунологиялық және идиопатиялық типтер өте сирек кездеседі.
Типтер бойынша аталған патология келесі түрде ажыратылады:
- Абсолютті бедеулік. Бұл жағдайда жүктілік қайтымсыз себептермен мүмкін емес – жатыр немесе жатыр түтіктерінің болмауы, аналық бездердің болмауы, сперматозоидтардың болмауы.
- Салыстырмалы бедеулік. Бұл жағдайда ұрықтану ықтималдығы салыстырмалы түрде аз, бірақ мүмкіндігі бар.
- Бастапқы бедеулік (1-ші дәрежелі). Бұл диагноз егер әйелде немесе еркекте бұған дейін ешбір серігімен ұрықтану орын алмаған жағдайда қойылады.
- Қайталанған бедеулік. Бірінші жүктіліктен кейін ұрықтанудың мүмкін болмауы. Мұндай диагноз тек әйелдерге ғана емес, бұрынғы серіктері жүкті болған ерлерге де қойылуы мүмкін.
Бедеулікті емдеу: қай маманға қаралу қажет?
Күні бүгінге дейін көптеген ерлі-зайыптылар үшін «бедеулік» диагнозы ұзақ та аяғы сәтті бола бермейтін ем басталды дегенді білдіретін. Бірақ медицинаның бүгінгі таңдағы даму деңгейімен ерлердің немесе әйелдердің репродуктивтік жүйесіндегі көптеген патологиялық жағдайлары сәтті емделіп келеді. Әйел бедеулігінің барлық түрлерінің алдын алумен және емдеумен репродуктолог-дәрігер айналысады.
Репродуктология – адам ағзасындағы репродуктивтік функцияның диагностикасымен және бұзылуын емдеумен айналысатын заманауи медицина саласы. Ол бірден білімнің бірнеше саласын біріктірді:
- Гинекология.;
- Андрология.;
- Эндокринология.
Репродуктолог-дәрігер басқа мамандармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істейді, өйткені бедеулік мәселесін шешуге кешенді әдіспен қарау емнің оңды нәтижелеріне жету үшін көп мүмкіндік береді:
- эмбриологтармен – ұрықтану әдісін таңдау үшін;
- андрологтармен – серікті емдеу үшін;
- акушер-гинекологтармен – орын алған жүктілікті бақылау үшін;
- хирургтармен – гистеро- және лапароскопиялық зерттеулер жүргізу үшін;
- генетиктермен (хромосомалық бұзушылықтарға ерте диагностика жасау үшін)
- эндокринологтармен, инфекционисттермен, маммологтармен, УД-диагностика дәрігерлерімен – бедеулік себептерін табу үшін.
Репродуктолог-дәрігерге немесе урологқа келу үшін өзіңізбен бірге барлық алдыңғы талдауларды және зерттеулерді ала келу керек.
Отбасы жұптарына олардың бір жыл бойы жүкті болу әрекеттері сәтсіз аяқталған жағдайда келу керек.
35 жастан асқан әйелдерге жүктілік жарты жыл ішінде болмаған жағдайда гинекологқа немесе репродуктологқа жүгіну қажет.
РМИ клиникасында біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі ең күрделі клиникалық жағдайларды шешуге көмектесетін Алматының ең жақсы мамандары қабылдайды.
Бедеулікті емдеу үшін қосалқы репродуктивтік технологиялар (ҚРТ)
Бедеулікті емдеудің заманауи әдістері ұрықтануға қол жеткізуге бағытталған әдістерді кешенді қолдануды меңзейді. РМИ келген пациенттерді толық зерттеу оларға бедеуліктің себептерін нақты анықтауға және репродуктивтік функцияны дәстүрлі әдістермен қалпына келтіру арқылы, қажет болса қосалқы репродуктивтік технологияларды қолдана отырып емдеудің сәйкес әдісін таңдауға мүмкіндік береді.
Қосалқы репродуктивтік технологиялар (ҚРТ) оларды қолдану нәтижесінде ұрықтануға және бала тууға мүмкіндік беретін әдістер жүйесі болып табылады. ҚРТ арқылы бедеулікті емдеу емнің консервативті әдістері нәтижесіз болған жағдайда оңды нәтижелер береді.
РМИ-де қолданылатын қосалқы репродуктивтік технологияларға келесілер жатады:
- Экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ), бұл кезде овуляцияны дәрі-дәрмекпен шақыру, кейін аналық жасушаны шығарып, оны жасанды ұрықтандыру жасалады. Эмбриологиялық сатыда эмбриондарды әрі қарай жатырға тасымалдау үшін культивациясы орындалады.
- ИКСИ — ерлер бедеулігі кезіндегі жасанды ұрықтандыру әдісі. Бұл жағдайда сперматозоидті аналық жасушаға интрацитоплазмалық енгізу орындалады.
- Жатыр ішілік инсеминация (ЖІИ) бұл процесте жатыр қуысына серіктің (донордың) дайындалған спермасы енгізіледі.
- Донорлық аналық жасушаларды қолдану;
- Микрохирургияны қолдана отырып сперматозоидтарды алу, азооспермия кезінде жұмыртқа безінің биопсиясы;
- Криоконсервация көмегімен ооциттерді, сперматозоидтарды және эмбриондарды сақтау;
- ЭКҰ кезінде алынған эмбрионның генетикалық ауытқуларына диагностика жасау.
- Суррогат ана.
Бедеулік себептеріне дұрыс диагностика жасау үшін екі серік те РМИ мамандарына келуі қажет. Клиникада барлық қажетті зерттеулер мен емшаралар түрлерінен өтуге, талдау жасауға және түрлі мамандардың кеңестерін алуға болады. ҚРТ қолдану арқылы емделу құны мәселе күрделігінің дәрежесін, емнің ұзақтығын және басқасын ескере отырып қалыптасады және әрбір жеке жағдайда өзгеше болады.
Толығырақ ақпарат алу үшін Сіз РМИ-мен өзіңізге қолайлы кез келген әдіспен байланыса аласыз:
- телефон арқылы: +7-727-234 34 34;
- ұтқыр телефон арқылы: +7-771-934 34 34
- электрондық пошта арқылы: info@irm.kz
- скайп арқылы: Irm.doctor;
- сайттың бас парағында Jivo чаты арқылы;
- форумда: forum.irm.kz
- Facebook әлеуметтік желісінде:facebook.com/irm.almaty;
- Instagram:Irm.Almaty
- Youtube:Алматы РМИ арнасы