ҚАЗАҚ ТІЛДІ ПСИХОЛОГТЫҢ ҚАБЫЛДАУЫНА ШАҚЫРАМЫЗ!

ИРМ клиникасындағы психологиялық қолдау енді қазақ тілінде де жүргізілмек.
3 желтоқсаннан бастап психолог Назгүл Рүстемқызы Тынбаева қабылдауын бастайды. Біздің психологымыз емдеудің барлық кезеңдерінде пациенттердің психологиялық күйін бағалап, қажетті қолдау көрсететін болады.
Пациенттердің жайлы эмоциялық күйде жүргені ем қабылдау мен ЭКО бағдарламасында оң нәтиже алуға септігін тигізеді.
ИРМ клиникасының пациенттері үшін психологтың алғашқы жеке консультациясын тегін етіп қойдық және алғашқы кеңес алғандардың бәріне әйгілі мойыналқамызды сыйлаймыз.
Басқа қалалардың тұрғындары психологтың кеңесін онлайн форматта ақылы түрде ала алады.

Жаңа жыл қарсаңында, 24 желтоқсан күні «МЕН АНА БОЛАМЫН!» атты топтық кездесу өтеді.
Топтық кездесуге орын шектеулі – 20 адамды жазамыз.
АКЦИЯ! Тренинг ақысыз.

Алдын-ала жазылу бойынша қабылдайды
☎️+7-727-934-34-34, +7-771-934-34-34

Мы в соцсетях: IRM ссылка на youtube IRM ссылка на facebook