Қызылорда қаласында бедеулік мәселелері бойынша тегін кеңес беру

Құрметті Қызылорда қаласы мен облысының тұрғындары!

Алматы қаласының Репродуктивтік медицина институты (ИРМ) 2016 жылы 31 қазаннан 4 қарашаға дейін Қызылорда қаласында дәрігерлер үшін репродуктивтік денсаулықты қорғау бойынша оқыту – тренинг жүргізеді.

Семинардың шеңберінде 31 қазан және 1 қараша күндері ИРМ-ның репродуктолог – дәрігері Айткожина Ляззат Кежебайқызы бедеулік мәселелері бойынша ерлі-зайыпты жұптарға ТЕГІН КЕҢЕС БЕРЕДІ.

Кеңес беру барысында ИРМ тарабынан қорытынды беріле отырып, мемлекеттік тапсырыс (квота) бойынша ЭКО бағдарламасын жүргізу үшін ерлі-зайыпты жұптар іріктеледі.

Кеңес беру уақыты: 31 қазан күні 11.00-ден 20.00-ге дейін, және 1 қараша күні 9.00-ден 14.00-ге дейін.

Өткізілетін мекен-жай: Қызылорда қаласы, Облыстық перинаталдық орталық, Абай даңғылы 51.

Алдын-ала жазылу үшін телефон: + 7-705-724-2552.

Мы в соцсетях: IRM ссылка на youtube IRM ссылка на facebook