Қымбатты достар! Алматы қ. Репродуктивтік медицина институты барлық қазақстандықтарды алда келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мейрамымен құттықтайды!
Бүкіл еліміз үшін елеулі бұл күнді мерекелеу құрметіне орай 1 желтоқсан күні РМИ репродуктологтары бедеуліктің барлық мәселелері бойынша емделушілерге тегін кеңес беретін болады.
Кеңес беру барысында мемлекеттік тапсырыс (квота) бойынша ЭКҰ бағдарламасын жасау үшін РМИ қорытындысы беріліп емделушілер іріктеледі.
Акцияға кіретіндер:
- Кеңес беру;
- Гинекологиялық қарап тексеру;
- Ультрадыбыстық зерттеу.
Қабылдау күні: 1 желтоқсан, сағ. 8.00 – 15.00.
Кеңес беру мекен-жайы:
- Алматы қ., Төле би к-сі, 99, Байтұрсынов көш. бұр.
- Алматы қ., Қабанбай батыр к-сі, 226, Байзақов көш. бұр.
Мына телефондар бойынша алдын ала жазылу қажет:
+7-727-234 34 34
+7 (771) 934-34-34.