Отзывы

Гульжанат
Сәлеметсіздер ме? Жасым 38-де. Жолдасым екеуміздің отау құрғанымызға биыл, бұйырса, 8 жыл. Осы уақытқа дейін тек ИРМ-ға тексеріліп, қаралып келдік. Бірақ репродуктологқа тексерілмеген екенмін. Биыл, 2020 жылдың қазан айында тіркеу бөліміне хабарласып, репродуктологтың қабылдауына жазылайын дегенмін, жұмыс кестесінде бос орын бар деп екі дәрігерді айтты. Соның бірі Жолдасов Рустем Аширкариевич @dr.zholdasov еді. Мен ең бірінші Аллаға сансыз шүкіршілік етемін және Рустем Аширкариевичке үлкееен рахметімді айтамын. Отбасымыздың көптен күткен қуанышына себепкер болған білімді де, білікті, салмақты дәрігерім - Рустем Аширкариевичтің еңбегі зор. Ал, дәрігерді таңдауға келсем, аяқ астынан осы кісінің қабылдауына жазылдым. Жазылып, тексеріліп, жоспарлы емімізді бастағанда, мені танитын қыздардың осы кісі туралы керемет жылы лебіздері маған тіптен қуаныш сыйлады. Қазіргі күні Алла қаласа, желтоқсан айында бірінші рет подсадка болды, нәтижесі сол, бізге 5 ай😍👼🏼. Аман-есен болсақ екен! ИРМ ұжымы және әуелі Алла, одан кейін, ұзақ жылдар күткен үмітіміздің үзілмей, қуанышқа ұласуына үлкееен үлес қосқан құрметті дәрігерім - Жолдасов Рустем Аширкариевич! Құдіреті күшті Құдайым Сіздерге зор денсаулық пен еңбектің жемісін, жеңісін берсін! Бұйырса, бірнеше апта болды, қуанышымыз қойнымызға сыймай, жүрегімізден ақтарылған алғысымызды айтқым келеді. Қаншама еңбек, жүгіріспен өткен уақыт, кейде көңіліміз босап, сансыз сұрақтарға жауап таппаған кездер де аз болмады. Қандай жағдайда да жүзінен мейірім, сөзі мен ісінен білімі көрініп тұратын шынайы дәрігерлерді осы ИРМ орталығынан көрдім. Алғысымыз шексіз! Алла қаласа, қуанышымыз ұзағынан болса екен, құрсағымдағы сәбиім дені сау, басы аман өмірге келсе екен деп тілеп, өздеріңізге зор алғыс білдіремін! РАХМЕТ! 🥰🥰🥰😘
Аноним
Кеш жарық ИРМ ұжымы менің жасым 30да.Біз жолдасымызбен отбасы құрғанымызға 9жылдай болып қалды.Бір баламыз бар жасы 8де.содан соң балалы болалмадық.Кінә меннен болғасын өзім көп емделдім тексерілдім.түтікшелерім бітелген болып шықты содан операция жасап алып тастады.ЭКО жасауға очредке тұрып қойдым квотамен!2жылдай кезегімді күтіп ЭКО жасаттық сәтті шықты.3ші переностан кейін двойня көтердім,бірақ бөпелерімді уақытына жетпей босанып,сәбилерімнен айырылып қалдым.Міне арадан бір жыл өтіп қайта сіздердің емханаларыңызға келіп сұлу да сымбатты Валерия Нехорошева деген дәрігерді таңдап бірге жеңіске жеттік.Арманым орындалып жүкті болдым🤰және бірінші попыткадан🤩Ол кісіге алғысым шексіз.Бар жақсылықты тіледім🤗Ендігі бар тілек арманым дені сау әдемі бөпемді дүниеге әкелу🤱Жұмысына табыс,отбасына бақыт тілеймін!ИРМ сіздерді ЛЮБЛЮ ЛЮБЛЮ ЛЮБЛЮ❤❤❤
Акмарал
Алланың қалауымен 22.04.2021ж егіздерімді - 👦🏻ұлым АҚТӨРЕ, 👧🏻қызымды АЯЛАНЫ дүниеге әкелдім! Жасым 32-де, Аягөзденмын. 05.09.2020 күні посадка болды, УЗИде егіздер болатынын білдім ☺️🙏 Біз бұл қуанышты узак болмаса да 2жыл күттік Мен өз алғысымды Лаззат Кенжебаевнаға және Сіздердің ұжымдарыңызға білдіргім келеді Ляззат Кенжебаевнаға үлкен рахметімді айтқым келеді 🙏💋 ол кісіге Алла разы болсын🤲🏻! Сіздерге көп рахмет 🙏 жұмыстарыңызға табыс сәттілік тілеймін 🙏
Аноним
Здраствуйте,хочу сказать огромное спасибо,нашему врачу Нехорошева В А. Низкий вам поклон!!! Я просила у Всевышнего хотябы одну кровиночку,на эко был перенос двух эмбрионов. Но! По воле Всевышнего,руками замечательного врача,у меня сейчас под сердцем трое! Один эмбрион раздвоился. Вот такие чудеса бывают! Вчера были на узи,сказали все по сроку,все хорошо. Надеюсь доносить и родить здоровых малышей! Большое спасибо всему коллективу ИРМ,всем кто участвовал в процессе эко! Я просто не могу передать словами то что я чувствую! И хотелось бы поздравить нашу мед.сестру Юлию!!! За ее терпение! Пожелать ей всего самого наилучшего!

Оставить отзыв

Ваш адрес email не будет опубликован.





*Ваш отзыв будет проходить модерацию в течении 10 дней

Мы в соцсетях: IRM ссылка на youtube IRM ссылка на facebook