Компанияның философиясы, жауапкершілігі мен негізгі қағидаттары
Біздің құндылықтарымыз бен жауапкершілігіміз:
— РМИ клиникада жүргізілген емдеу нәтижелері үшін жауапты болмайды, сондай-ақ дәлелді медицинаның заманауи емдеу әдістемелерін, диагностика мен алдын алудың қауіпсіз әдістерін қолдануға кепілдік береді.
— РМИ этикалық нормалар мен емделушілерді емдеу құпиялылығын сақтау үшін жауапты.
— РМИ медицина мекемесінің ұжымы мен серіктестерін қауіпсіз еңбек шарттарымен, сондай-ақ іскерлік ынтымақтастықта адал әрі айқын көзқарасты қамтамасыз ете отырып, олардың алдында жауапты.
— РМИ Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтай отырып, ұлтты сауықтыру мен демографиялық мәселені шешуге өз үлесін қосу арқылы ең алдымен емдеуге деген ғылыми көзқарасты басшылыққа ала отырып, қоғам мен мемлекет алдында жауапты.
Компанияның философиясы:
РМИ бедеулікті емдеуде барынша тиімділікке жеткізу үшін заманауи репродуктивті медицинаның тек озық технологияларын қолданады. Біз толыққанды әрі бақытты отбасы болу мүмкіндігінің әркімде болғанын қалаймыз. Ең қатаң моральдық-этикалық ережелерді ұстана отырып, біз әрбір емделушіміздің өмірінде жүктілік пен дені сау баланың дүниеге келуін шындыққа айналдыру қамын ойлаймыз.
Корпоративтік философияның негізгі қағидаттары:
Тұрақты кәсіби өсу және мамандардың жаңа буынына үздіксіз білім беру процесі.
Ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу, оларды кейін дүниежүзілік медицина қоғамдастығына таныстыру.
Емделушіні емдеу тәсілдемесіне деген адалдық, қызмет көрсету сапасы мен жайлылықты арттыру.
Емделушіге көмек көрсету кезінде заманауи медицина мүмкіндік беретін барлық құралдарды қолдануға шын ықылас.