РМИ диагностикалық зертханасы

Репродуктивтік Медицина Институтының мамандары әйелдер мен ерлер бедеулігінің барлық сұрақтары бойынша отбасылық жұптарға кеңес береді. Емдеу ең жоғарғы деңгейде медициналық қызметтер көрсету үшін пациенттердің жағдайына нақты диагностика жасауды көздейді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, дұрыс қойылған диагноз дәрігердің біліміне ғана емес, талдаулардың нақты нәтижелеріне де негізделеді.

Репродуктивтік Медицина Институтының диагностикалық зертханасы зерттеулерді ең заманауи диагностика әдістерін және жоғарғы технологиялы жабдықтарды қолданумен өткізеді. Соның арқасында біздің пациенттеріміз ем тағайындау немесе РМИ іргесінде ота жасау үшін қажетті талдауларды тапсыруға және толық зерттеуден өтуге мүмкіндік алады.

Керемет жабдықталу мен мамандардың жоғарғы біліктілігінің арқасында клиниканың диагностикалық зертханасында әр түрлі талдаулар мен зерттеулердің кең спектрі жасалады. Зертханадағы барлық процесстер дерлік компьютерленген және автоматтандырылған, бұл қатеге жол бермеуге немесе бұрыс деректер алуды барынша азайтуға мүмкіндік береді. РМИ диагностикалық зертханасы Алматыдағы үздіктердің бірі болып табылады.

РМИ клиникалық-диагностикалық зертханасы: талдаулардың түрлері

РМИ клиникасының клиникалық-диагностикалық зертханасы талдаудың келесі түрлерін жасайды:

  • Жалпы клиникалық және биохимиялық қан талдаулары;
  • Қан тобын және резус-факторды анықтау;
  • Қанды генетикалық талдау;
  • Қанға гормондық талдау жасау;
  • Қанды ПТР әдісімен зерттеу;
  • Қанды TORCH және инфекцияларға зерттеу;
  • Несептің клиникалық талдауы;
  • Несепті Нечипоренко, Зимницкий бойынша талдау;
  • Жағындыны ПТР әдісімен зерттеу (РМИ дәрігерлерінің жіберуі бойынша);
  • Гемостазды және амин қышқылдарын зерттеу;
  • Аутоиммундық зерттеулер;
  • Жағындыны және қуықалды без сөлін зерттеу;
  • Спермограмма;
  • Гистологиялық зерттеулер;
  • Бактериологиялық зерттеулер.

РМИ зертханасындағы талдаулардың бағасы «Прайс-лист» парағында келтірілген.

Талдауларды қалай дұрыс өткізу керек: пациенттер нені білуі тиіс

Талдаудың әр түрі үшін ұстанатын белгілі ережелер қарастырылған. Сондықтан біз әркімнің білуі тиіс кейбір жалпы ережелермен танысуға кеңес береміз:

  • Талдауларды тапсыруға дайындалған кезде 1-3 күнге рационнан майлы және қуырылған тамақты алып тастап, ішімдікті қолданбаған жөн;
  • Талдауларды емшараларды (массаж, укол және басқа) жасау және дәрілерді қабылдау алдында тапсыру қажет;
  • Биохимиялық және клиникалық зерттеу үшін қанды аш қарынға таңғы сағат 7.30 бастап 11.00 дейін өткізу қажет;
  • Гормонға қан тапсырған кезде эмоциялық күйге және денеге күш түсірмеу керек. Алдын ала келіп, клиника дәлізінде 15-20 минут тынығып отырған дұрыс;
  • Қанды физиотерапия, рентгеннен кейін немесе зерттеудің басқа түрлерін жасағаннан кейін тапсырмаған дұрыс;
  • Несепті талдауға жинап алар алдында жыныс мүшелеріне гигиеналық шаралар жасау қажет;
  • Репродуктивтік жастағы әйелдерге гормондық зерттеулер жүргізу кезінде етеккір циклінің күнін, ал жүктілік кезінде – мерзімін көрсеткен дұрыс;
  • Талдауды тапсыру алдында кез келген дәрілік құралдарды қабылдағаны туралы дәрігерге хабарлау қажет.

Динамикада нақтырақ нәтижелер алу үшін РМИ диагностикалық зертхананың мамандары зерттеулерді бір ғана зертханада жасауға кеңес береді.

Талдаулардың нәтижелерін қалай алуға болады

Зерттеулерді орындаудың стандартты мерзімдерінен басқа РМИ зертханасында кейбір талдауларды жедел шара бойынша жүргізу көзделген. Ол үшін талдауларды сағат 7.30 бастап 9.00 дейін тапсыру қажет, нәтижелері жедел режимде дайын болады. Гормондық талдаулардың нәтижелері гормондар талдауын орындау кестесіне сәйкес беріледі.

РМИ клиникалық-диагностикалық зертханада талдаулар нәтижелерін алу үшін жеке куәлікті ұсыну қажет.

Егер Сіз талдау тапсырған кезде өзіңіздің электрондық адресіңізді қалдырсаңыз, онда нәтижені e-mail арқылы алуға болады.

Талдау нәтижесі диагноз болып табылмайтынын, ол ағза жағдайының көрінісін анықтауға ғана көмектесетінін еске саламыз. Диагноз қоюды және дұрыс ем тағайындауды тек қана емдейтін дәрігер немесе салалық маман ғана жасай алады.

Мы в соцсетях: IRM ссылка на youtube IRM ссылка на facebook