Миссиямыз және мақсаттарымыз
Миссиямыз — заманауи репродуктивті технологиялардың
көмегімен емделушілердің ата-ана бақытын сезулеріне көмектесу.
Мақсаттарымыз:
— Емделушілерге заманауи репродуктивті медицинаның ең соңғы технологияларының қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Мақсатқа жетудің негізгі құралдары — халықаралық бейінді конференцияларға қатысу, кәсіби заманауи әдебиетке қолжетімділік, қаржыландыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
— Елдегі бедеулікті тиімді емдеуді жақсарту. Дүниеге дені сау бала әкелуде оң нәтижелерге қол жеткізу.
Мақсатқа жетудің негізгі құралдары — қызметкерлерді әлемнің үздік клиникаларында ұдайы кәсіби оқыту. Оқу мекемелері мен өзге клиникалардың жас мамандары үшін білім беру алаңын ұйымдастыру.
— Ауру туындау қатерінен алдын ала сақтандыру және аурудың даму мүмкіндігін төмендете отырып, профилактикалық жұмыс жүргізу.
Мақсатқа жетудің негізгі құралдары — емделушілермен кеңейтілген кеңес жүргізу, РМИ қызметкерлерімен қоғамдық қызмет, түсіндіру және білім беру сипатында дәрістер өткізу.
— Емделушілерге қатысты ниеттілік пен жоғары деңгейде қызмет көрсету қағидаларын қалыптастыру.
Мақсатқа жетудің негізгі құралдары — қызмет көрсету сапасының тиімді стандарттарын енгізу және оның орындалуын қатаң бақылау.
— Репродуктивті медицина саласында зерттеулерді жүзеге асыру. Емдеудің жаңа тиімді әдістерін ұсыну.
Мақсатқа жетудің негізгі құралдары — дәрігерлерді ғылыми қызметке тарту. РМИ базасында кафедраны дамыту, жетекші клиникалардың мамандарын тәжірибе алмасуға шақыру.