Бүгін IRM Astana клиникасында ЭКО мектебі өтті. Іс шараны мықты репродуктолог Бекенова Г.О және психология саласындағы маманы, психолог Жакупбекова А. Т. өткізді. Жалпы эко , бедеулік пен репродуктивті денсаулық жайлы көп пайдалы ақпарат алдым. Жоғары деңгейде өтті. IRM ұжымы - тек алға!!!
Banu
06.10.2025
Мен дәрігерім-Зәуре Куттыгуловнаға ерекше алғысымды білдіргім келеді. Алғаш ол кісінің қабыдауында 2023 жылдың наурыз айында болғанмын. Сол сәттен бастап бізде балалы болуға бірден әрекеттер басталып кетті. Жолдасым да мен де клиникаға келген сәттен бастап 1 жылдай емделдік, бірақ табиғи жолмен балалы бола алмадық. Сосын дәрігерімнің кеңесімен ЭКО бағдарламасына дайындық басталды. 2024 жылдың 29 сәуірінде балам жатырға тасымалданды. Алланың қалауымен бірінші талпыныстан-ақ жүкті болдым. Алайда, жүктілік бойы баланың түсіп қалу қаупі жоғары болды. 8 айына дейін дәрігеріммен кеңесіп, әр триместр сайын қабылдауына барып отырдым. Дәрігерімнің айтуымен маткамның шейкасын тіктіріп, баламды 9 айға дейін көтеруге мүмкіндік болды. Осылайша, 2024 жылдың желтоқсан айында бірінші Алланың қалауымен, сосын дәрігерімнің көмегімен 4 жылдан соң қызды болдық. Аллаға шүкір, ата-ана болу бақытына ие болдық.
Балалыз жүру әрбір ерлі-зайыптыға қиын екенін жақсы білеміз. Сондықтан, ИРМ клиникасына келіп, дәрігерім Зауре Куттыгуловнамен бірге балалы болу бақытына ие болыңыздар. Бір көргенде қатал көрінгенімен, жүрегі жұмсақ, адал жан. Үлкен рақмет🔥🔥🔥.
Екатерина
06.10.2025
Хочу выразить искреннюю благодарность врачу Митяеву Тимуру Андреевичу за высокий профессионализм, чуткость и внимательное отношение. С самого первого приёма чувствуется, что ты в надёжных руках — всё чётко, спокойно, с уважением к пациенту. Тимур Андреевич подробно объяснил план лечения, ответил на все вопросы, а его уверенность и спокойствие помогли справиться с волнением. мед.сестра Анастасия была очень доброжелательна, аккуратна и заботлива — за что ей отдельное спасибо! Такие специалисты — настоящая гордость медицины. Благодарю за вашу работу, человечность и внимание к деталям. Желаю вам крепкого здоровья, профессиональных успехов и благодарных пациентов! С уважением, Екатерина Т
Аяжан
04.10.2025
Мен 42 ж пациент, Сарыағаш ауданынан. 2016 жылы өзге клиникада эко арқылы 3 реттік мүмкіндікті сәтсіз өткердім. 2020 жылы ИРМ клиникасынан ауданымызға тегін кеңес жүргізуге келген Зәуре Қуттыгуловна мен Диана Талғатовна үміт сыйлап кетті. Клиникаға келіп, Асель Мухедқазиевна дәрігердің кеңесіне кіріп, егжей-тегжейлі тексеруінен "полип полости матки" диагнозын анықтады. Осы клиниканың өзінде Мусаев Алимхан есімді хирургқа ота жасатып полип алдырттым. 1 айдан соң "Аңсаған сәби" бағдарламасы бойынша біріші подсадка жасалды. Өкінішке орай 7-8 апталық кезінде жүрегі тоқтап, қуанышымыз ұзаққа созылмады. Араға жыл салып, 2024 жыл екінші сақтаулы тұрған эмбрионды салдырдым. Білікті Асель дәрігерімнің психологиялық қолдауынан қанаттанып жүктілік орын алды, қазір 5 айлық жігітті бесікте тербетіп отырмын. Қазір қаралып, дайындалып, ойланып жүрген келіншектерге: Ешқашан үміт оты сөнбесін, армандар орындалады, себебі бұл жерде ең білікті дәрігелер бар- дегім келеді. Рахмет ❤️
*Ваш отзыв будет проходить модерацию в течении 10 дней