Этикалық кодекс

Этикалық кодекс
«Репродуктивті медицина институты» ЖШС этикалық кодексі
Мазмұны

  1. Жалпы ережелер
  2. Кодекс мақсаттары
  3. Кадекс міндеттері
  4. Негізгі корпоративтік құндылықтар
  5. Өзара қарым-қатынас
  6. Дәрігерлік құпия
  7. Жол берілмейтін әрекеттер
  8. Қорытынды ережелер

1. Жалпы ережелер
1.1. Репродуктивті медицина институтының этикалық кодексі (әрі қарай — Кодекс) Институт қызметкерлерінің лауазымдарына қарамастан басшылыққа алулары тиіс кәсіби этиканың жалпы қағидаттары мен кәсіби мінез-құлықтың негізігі ережелерінің жинағы болып саналады.
1.2. Осы Кодекстің ережелері Институт қызметкерлерінің, соның ішінде кассирлердің, күзетшілердің, координаторлардың, кіші және өзге қызметкерлердің, резиденттер мен Институтта білім алып жатқан және/немесе тәжірибеден өтіп жатқан курсанттардың лауазым деңгейлеріне және жұмыс кезеңдеріне қарамастан барлығына да қатысты.
1.3. Осы кодекс тұлғааралық қатынастарды реттеуге, ұжымда дұрыс психологиялық климатты қалыптастыруға, барлық қызметкерлердің қызмет тиімділігін арттыруға мүмкіндік беруді көздейді. Сондай-ақ осы құжат әріптестер мен емделушілерге қатысты дұрыс мінез-құлықты қалыптастыруға мүмкіндік береді.
1.4. Қызметкерлердің Кодекс ережелерін сақтауы олардың кәсіби қызметі мен кәсіби мінез-құлықтарының сапасын бағалау критерийлерінің бірі болып табылады.
1.5. Институттың барлық жаңадан қабылданған қызметкерлері Кодекс ережелерімен танысады және оларды өздерінің кәсіби қызметі барысында сақтайды.
1.6. Әрбір қызметкер осы Кодекстің ережелерін сақтаудың барлық қажетті шараларын қабылдауы қажет, ал әрбір емделуші өзімен қарым-қатынас барысында медицина қызметкерінен осы Кодекстің ережелеріне сәйкес мінез-құлықты күтуге құқылы. 1.7. Этикалық нормалар мен қағидаттар тізімі толық қамтылған емес және этикалық комиссия тарапынан нақтылануы, өзгертілуі, толықтырылуы мүмкін.

2. Кодекс мақсаттары
2.1. Кодекс жасау мақсаты Институттың корпоративтік мәдениетінің ережелері мен нормаларын регламенттеу, оның қызметкерлерінің лауазымдарына қарамастан, олардың арасында оны әрі қарай ілгерілету, Институттың имиджі мен беделін қолдау мен нығайту болып табылады.
3. Кодекстің міндеттері
3.1. Медицина қызметкерінің құндылықтарын анықтау және осы құндылықтарға Институттың әрбір қызметкерін тарту. 3.2. Корпоративтік мәдениетті дамыту үшін жоғары этикалық стандарттарға негізделген қолайлы орта қалыптастыру. 3.3. Медицина саласында кәсіби моральды, Институт қызметкерлеріне және жалпы алғанда дәрігерлерге құрметпен қарауды қалыптастыруға арналған негізді қамтамасыз ету. 3.4. Жұмыс нормалары мен стандарттарын — қарым-қатынас, корпоративтік мәдениет ережелерін, ұжымда жұмысты тиімді ұйымдастыру нормаларын анықтау және бекіту. 3.5. Ұжым ішіндегі және емделушілермен өзара қарым-қатынасты анықтайтын этикалық мінез-құлық стандарттарын орнату.

4. Корпоративтік құндылықтар:
Институттың негізгі корпоративтік этикалық құндылықтары:

  • Тұлғаның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу
  • Емделушілерге бағытталған жұмыс және медициналық қызметтер көрсетудің жоғары этикалық стандаттары
  • Институт қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсібилігі
  • Емделушілердің қауіпсіздігі

5. Өзара қарым-қатынас:
Әріптестер арасындағы өзара қарым-қатынас
5.1. Қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынас өзара құрметпен, сеніммен құрылуы және емделушінің мүддесін сақтаумен ерекшеленуі қажет.
5.2. Әріптестермен өзара қарым-қатынас барысында қызметкер адал, әділ, ізгі ниетті, парасатты болуы қажет, олардың білімдері мен тәжірибесіне құрметпен қарауы, сондай-ақ өз тәжірибесімен және білімімен риясыз бөлісуге дайын болуы қажет.
5.3.Өзге қызметкерлерге басшылық етудің моральдық құқығы жоғары деңгейлі кәсіби біліктілік пен аса өнегелілікті талап етеді.
5.4.Әріптесіне айтылған сын дәлелді болуы және тіл тигізбейтіндей болуы қажет. Сынға әріптестердің тұлғасы емес, олардың кәсіби әрекеттері алынуы тиіс. Әріптестерінің беделін түсіру арқылы өз абыройын нығайтуға жол берілмейді. Медицина қызметкерінің емделушілер мен олардың туыстарының көзінше өз әріптестері мен олардың жұмыстары туралы жағымсыз пікір айтуға құқығы жоқ.
5.5.Медицина қызметкері оны емдеу өнеріне үйреткендерге бүкіл өмір бойы құрмет пен ризашылық сезімін білдіруі қажет.
5.6. Медицина қызметкері өз әріптестерінен өзіне деген қандай қарым-қатынас күтсе, оларға қатысты да өзін тура солай ұстауы тиіс.
5.7.Медицина қызметкерінің өзге дәрігердің кәсіби біліктілігіне жұрт алдында күмән келтіруге немесе қандай да бір жолмен оның беделін түсіруге құқығы жоқ.
5.8. Ауыр клиникалық жағдайларда дәрігерлер өз әріптестеріне нақты түрде көмек көрсетіп, кеңес берулері қажет. Емдеу процесі үшін барлық жауапкершілікті тек емдеуші дәрігер ғана өз мойнына алады, бұндайда ол тек емделушінің мүддесін басшылыққа ала отырып, ұсынымдарды ескеруі немесе олардан бас тартуы мүмкін.
Емделушілермен өзара қарым-қатынас
5.9. Қызметкерлер мен емделушілер арасындағы өзара қарым-қатынас өзара сыйластық қағидаттарымен құрылады, дөрекілік пен арсыздыққа, бейпілауыздыққа, өзге тұлғалардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қысым жасауға, оларға моральдық немесе материалдық зиян келтіруге, құқыққа қарсы әрекет жасауға, мораль мен өнегеліліктің көпшілік қабылдаған нормаларын сақтамауға, соның ішінде қоғамдық орындарда ұят мінез-құлыққа; жұрт алдында агрессия көрсетудің түрлі формаларына жол берілмейді.
5.10. Емделушілердің жеке өмірлеріне қол сұқпаушылық, дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді сақтау.
5.11. Медицина қызметкері емделушілерге көрсетілетін сапалы медициналық көмек үшін жауап береді. Өз жұмысында ол Қазақстан Республикасының заңдарын, қолданыстағы нормативтік құжаттарды (медициналық стандарттарды) басшылыққа алуы тиіс, алайда ауру ерекшеліктерін ескере отырып, осы нұсқамалар аясында емделушінің мүддесін басшылыққа ала отырып, профилактиканың, диагностика мен емдеудің әрбір нақты жағдайында аса тиімді деп санаған әдісін таңдауы тиіс. Қажет болған жағдайда медицина қызметкері өз әріптестерінің көмегін пайдалануға міндетті.
5.12. Медицина қызметкері емделушіні қисынсызтәуекелге ұшыратпай, оған қоса өз білімін ізгіліксіз мақсатта пайдаланбауы қажет. Емдеудің кез келген әдісін таңдаған кезде, медицина қызметкері, ең алдымен, «Зиян келтірме!» уағызын басшылыққа алуы қажет.
5.13.Егер емделушінің жағдайын қиындатпайтын шаралар қабылдауға міндетті жедел жәрдем жағдайларын қоспағанда, медицина қызметкері емделуші екеуінің арасында қажетті өзара сенімнің жоқ екеніне сенімді болса, өзін жеткілікті дәрежеде білікті деп есептемесе немесе емдеуді жүргізуге қажетті мүмкіндігі болмаса, онда ол науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Осындай және осыған ұқсас жағдайларда медицина қызметкері осы туралы тікелей басшыға хабарлап, науқасқа білікті маманды ұсыну үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс.
5.14.Медицина қызметкері емделушінің емдеуші дәрігер, мекеме таңдау және емдеу-профилактика шараларын жүргізу туралы шешім қабылдауға қатысу құқығын құрметтеуі тиіс. Медицина қызметкері әдетте науқаспен жеке сөйлесу кезінде емделушінің емделуге ерікті келісімін алады. Бұл келісім саналы түрде берілуі қажет, науқасқа емдеу әдістері, оларды қолданудың салдары, соның ішінде ықтималды асқынулар, емдеудің балама әдістері туралы міндетті түрде хабарлануы тиіс. Емделушінің келісімінсіз емдеу-диагностикалық шараларын жүргізу оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған кезде және оның жағдайды адекватты бағалауға қабілетсіз болған кезінде ғана рұқсат етілген. Осындай жағдайларда шешімді алқалы түрде қабылдаған дұрыс. Психикалық аурулармен ауыратын тұлғаларды емдеген кезде, медициналық қызметкер Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алуы қажет. Баланы емдеген кезде, медициналық қызметкер оның ата-анасына немесе қамқоршыларына толық ақпарат беруі, қандай да бір емдеу әдісін немесе дәрілік затты қолдануға олардың келісімін алуы тиіс.
5.15.Медициналық қызметкер емделушінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуі, оған ізгіниеттілікпен қарап, оның жеке құпияны сақтау құқығын құрметтеуі, туыстары мен жақындарының науқастың жағдайына деген уайымдарын түсіністікпен қабылдауы, сондай-ақ ол кәсіби себептерінің жетіспеушілігінен емделуші мен оның отбасы мүшелерінің жеке істеріне араласпауы қажет.
5.16. Егер емделуші өз келісімін саналы түрде білдіруге қабілетсіз болса, онда келісімді емделушінің заңды өкілі немесе оның тұрақты қамқоршысы беруі қажет.
5.17.Емделуші өзінің денсаулық жағдайы туралы толық ақпарат алуға құқылы, бірақ одан бас тарта алады немесе оның денсаулық жағдайы туралы хабарлауға болатын тұлғаны көрсете алады. Ақпарат емделушіге айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін деген дәлелді негіз болған жағдайда, ақпаратты емделушіден жасырып қалуға болады. Алайда емделушінің нақты білдірілген талабы бойынша медицина қызметкері оған толық ақпарат беруге міндетті. Науқас үшін жағымсыз болжам жасалған жағдайда, өмірді ұзартуға, ықтималды қолайлы нәтижеге үміт арта отырып, оған барынша сыпайылықпен әрі абайлап хабарлау қажет.
5.18. Емделушінің қалауы бойынша, медицина қызметкері оның өзге медицина қызметкерінен кеңес алу құқығын іске асыруға кедергі келтірмеуі қажет.
5.19. Емдеу барысында қателік жіберіп алған немесе күтпеген асқынулар орын алған жағдайда, медицина қызметкері осы туралы науқасқа, тікелей басшысына хабарлауға және қауіпті салдарды түзетуге бағытталған әрекеттерге дереу кірісуге міндетті.

6. Дәрігерлік құпия
6.1. Әрбір емделуші жеке құпияны сақтауға құқылы және дәрігер, сондай-ақ медициналық қызмет көрсетуге қатысқан өзге тұлғалар, тіпті емделушінің өлімінен кейін де дәрігерлік құпияны, егер науқас өзге нұсқау бермеген болса, медициналық көмекке жүгіну фактісін де құпияда сақтауға міндетті.
6.2. Құпия науқастың көмекке жүгіну және оны емдеу барысында алынған барлық мәліметтеріне (диагноз, емдеу әдістері, болжам және т.б.) қатысты.
6.3. Емделуші туралы медициналық ақпарат келесі жағдайларда жария болуы мүмкін:
емделушінің өзінің нақты көрсетілген жазбаша келісімі бойынша;
анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарының себептемелі талаптары бойынша;
егер құпияны сақтау емделушінің және (немесе) өзге тұлғалардың денсаулығы мен өміріне (қауіпті жұқпалы аурулар) айтарлықтай қауіп төндіретін болса;
осы ақпарат кәсіби қажеттілік болып табылатын өзге мамандарды емдеу процесіне тартқан жағдайда.
6.4. Дәрігер науқасты емдеуге қатысатын тұлғалардың да кәсіби құпияны сақтауларын қадағалауы тиіс.
6.5. Медициналық ақпаратқа қолжетімділік құқығы бар тұлғалар емделуші туралы алынған барлық мәліметті құпияда сақтауға міндетті.
6.6. Ғылыми зерттеулер, курсанттар мен резиденттерді оқыту және дәрігерлерді жетілдіру барысында дәрігерлік құпия сақталуы тиіс.
Науқасты тек оның келісімімен ғана көрсетуге болады.

7. Медицина қызметкеріне жол берілмейтін әрекеттер.
7.1. Медициналық қызметкер мына жағдайларда құқығы жоқ
өз білімі мен мүмкіндіктерін ізгіліксіз мақсатта пайдалану;
жеткіліксіз негізде медициналық шаралар қолдану немесе олардан бас тарту;
емделушіні жазалау, сондай-ақ үшінші тұлғалардың пайдасы мақсатында оған медициналық ықпал ету әдістерін пайдалану;
— емделушіге өзінің философиялық, діни және саяси көзқарастарын міндеттеу;
емделушіге не әдейі не ұқыпсыздығы бойынша физикалық, адамгершілік жағынан немесе материалдық зиян келтіру және осындай зиян келтіретін үшінші тұлғалардың әрекеттеріне атүсті қарау.
7.2. Медицина қызметкерінің жеке теріс ұғымдары мен өзге кәсібилікке жатпайтын себептемелері диагностика мен емдеуге әсерін тигізбеуі қажет.
7.3. Емделушінің ұсынылған ақылы медицина қызметтерінен бас тартуы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік кепілдік аясында оған тегін көрсетілетін медициналық көмектің түрлері мен көлемінің азаюына, қолжетімділігі мен сапасының нашарлауына себеп болмауы қажет.
7.4. Емделушілерден сыйлық алу және оларға сыйлық беру тіпті орынсыз, себебі сыйлық жасамайтын және сыйлық алмайтын емделушілерде өздеріне аз күтім көрсетеді деген пікір қалыптастыруы мүмкін. Көрсетілетін қызметтер үшін сыйлық берілуі немесе қабылданбауы қажет. Қолма-қол ақша немесе құнды сыйлықтар түрінде сыйлықтар алуға тыйым салынады.
7.5. Медицина қызметкері өндіруші-фирмалардан және дәрілік препараттар таратушылардан олар ұсынатын дәрілерді тағайындағаны үшін сыйлық алмауы қажет, медицина ұйымының аумағында компания логотипі немесе дәрілік препараттың, медицина бұйымының сауда атауы көрсетілген заттарды пайдаланбауы тиіс.
7.6. Медицина қызметкерінің өз жағдайын, емделушінің эмоциялық жағдайын пайдалана отырып, онымен мүліктік мәміле жасауға, оның еңбегін өз мақсатына пайдалануға, сондай-ақ бопсалаумен және парақорлықпен айналысуға құқығы жоқ.
7.7. Медицина қызметкерінің емделушіге емдеу курсын тағайындау кезінде, пайдаланатын дәрілік препараттар, медициналық бұйымдар туралы жалған, толық емес немесе бұрмаланған ақпарат беруге құқығы жоқ.

8. Қорытынды ережелер
8.1. Осы кодекстің Институттың барлық қызметкерлері үшін міндетті күші бар.
8.2. Кодексті бұзғаны үшін болатын жауапкершілік деңгейін этикалық комиссия белгілейді.
8.3. Осы Кодекстің жеке ережелерін қайта қарау мен оларға түсінік беруді қызметкерлердің ұсыныстарын ескере отырып, этикалық комиссия жүзеге асырады.
Институттың медицина қызметкерлерінің тарапынан этика мен деонтология қағидаттары бұзылған жағдайда, Этика жөніндегі комиссияға хабарласуыңызды немесе info@irm.kz электрондық поштасына хабарлама жіберуіңізді сұраймыз.


Этика жөніндегі комиссияның төрағасы – Бас дәрігер Жакупов Данияр Уәлиханұлы,
26-каб., тел. 234-34-34
Дерек көздері:

  1. Қазақстан Республикасының 05.07.2006 жылғы Азаматтық Кодексі
  2. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 18.09.2009 жылғы Кодексі.
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты туралы» 06.02.2008 жылғы Қаулысы.
  4. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі» (мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасының ережелері).
  5. Халықаралық дәрігерлік этика кодексі, Хельсински. Ел Президентінің Қазақстан халқына 1997 жылғы 11 қаңтардағы «Қазақстан – 2030.
  6. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» жолдауы
  7. 2010 ж. 29 қарашадағы № 1113 Қазақстан Республикасында денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы
Мы в соцсетях: IRM ссылка на youtube IRM ссылка на facebook