Біз туралы

Біздің тарих

«ЭКО» экстракорпоралдық ұрықтандыру орталығы Алматыда 1995 жылы бедеулікті емдеу саласында көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар мамандар ұжымымен Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының іргесінде құрылды.
Қазақстанда қосалқы репродуктивтік технологияларды (ҚРТ) енгізу бойынша алғашқы кезеңі 1987 жылы бедеу неке мәселелері бойынша алғашқы мамандандырылған медициналық мекеменің – Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының (ҚАҰӨО) ашылуы болды, бас дәрігер лауазымына Жүсібалиева Тамара Mұфтахқызы тағайындалды.
1988 жылы донорлық шәуетпен жасанды инсеминация жолымен бедеу некені емдеу енгізілді. Осы емдеу әдісін бедеулікті емдеу бойынша белгілі дәрігер К.Х. Тусеева, уролог-андролог дәрігер К.Т. Куттуков және зертханашы-дәрігер С.Б. Байқошқарова жүзеге асырды. Ол кезде тек нативті шәует қана пайдаланған болатын. Бір жылдан кейін ғана шәует банкін ашу арқылы шәуетті криоконсервациялай бастадық.

О нас фото
О нас фото 4

Сол кезеңде шетелде және Ресейдің жетекші орталықтарында қосалқы репродуктивтік технологиялар сәтті енгізіле бастаған еді. Ресейлік әріптестермен және өзге елдердегі мамандармен байланыс орнатып, ҚАҰӨО базасында алғашқы экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКО) зертханасын ашуға дайындық басталып кетті. Бірінші болып 1993 жылы Жордания атындағы институт директоры профессор А.Г. Хомасуридзе жауап берді.
1995 жылы 21 наурызда АБДҚ жөніндегі Республикалық ҒЗО базасында бедеулік мәселелері бойынша өткен Конференция мен ҚАҰӨО өткен дөңгелек үстел шешуші рөл атқарды. Тап осы конференцияда Мәскеу ЭКО орталығының профессоры В.М. Здановскиймен кездесу болды. Біздің клиникамызды көрген соң ол біздің Орталықта ЭКО зертханасын ұйымдастыру мүмкіндігіне сенім білдірді және өзінің командасымен келіп, зертхананың жұмыс процесін ұйымдастыруға келісті.

Лицензиялық комиссияда талқыланғаннан кейін 1995 жылдың 25 қыркүйегінде Орталық ҚДСБ-ның экстракорпоралдық ұрықтандыру әдісін енгізу туралы рұқсатын алды. Сол күннен бастап ЭКО зертханасын ашу бойынша жұмыс басталды. Біздің орталығымыздың барлық күші жұмылдырылды. Дәрігерлеріміз Г.Х. Райымбекова және Т.П. Рубашина-Копылова мәскеулік команданың келуіне орай 20 емделушіні дайындады. Профессор В.М. Здановский атақты ресейлік эмбриолог Л.В. Хилькевичпен бірге бір ай бойы біздің Орталықта жұмыс жасады.

Бұл қиын кезең болатын, ЭКО зертханасының ол кездегі деңгейі қазіргіден әлдеқайда артта болған және профессор В.М. Здановский мен эмбриолог Л.В. Хилькевичтің жоғары кәсібилігінің арқасында ғана бірінші жүктілікке қол жеткізілді. Ол эндокриндік түрдегі бедеулігі анықталған, 7 жыл ішінде бала көтермеген 34 жастағы емделуші еді. Жүктілік асқынусыз өтті және іштен жарып алу жолымен салмағы 2800 болған қыз дүниеге келді.

Ол кезде ЭКО-дан кейінгі босану тек оперативті жолмен ғана жасалатын.Біздің елімізде «түтіктегі» алғашқы баланың дүниеге келуі Алматыдағы ҚАҰӨО-дағы экстракорпоралды ұрықтандыру зертханасы ашылғаннан кейін бір жылдан аз уақытта орын алды. Ол кезде бұл Қазақстандағы алғашқы және жалғыз ғана орталық болатын.

Бірінші жылы бағдарламаның тиімділігі 5-10 % деңгейде болатын. Екінші жүктілік үш айдан кейін болды және 1996 жылы 15 қазанда сүйкімді егіз дүниеге келді. Әрі қарай ҚРТ саласындағы соңғы дүниежүзілік технологиялар енгізілді.

Қазақстандағы ЭКО-ның дамуына өз үлестерін қосқан алғашқы мамандар болған дәрігерлер: Полумисков Вадим Евгеньевич, Бадельбаева Людмила Аркадьевна, Садықов Асхат Сабыржанұлы, эмбриологтар: Батырханов Мархабат Серікұлы, Коряковцева Ирина Сергеевна, Литвинова Александра Евгеньевна және өзге мамандар.

О нас фото 3

РМИ – халықаралық ұйымдардың
толық құқықты қатысушысы

Біз 1996 жылы президенті профессор Корсак Владислав Станиславович болып табылатын Ресейлік адам ұрпағын өрбіту қауымдастығына (РАҰӨҚ) мүшелікке кірдік және бұл үлкен әрі жемісті достықтың бастамасына айналды. Репродуктивтік медицина саласындағы Ресейдің, Украинаның, Швецияның, Финляндияның, Израильдің, Бельгияның жетекші ғалымдарының белсенді көмегінің арқасында Қазақстандағы ҚРТ жылдам дами бастады.

Орталық дәрігерлері әлемнің алдыңғы қатарлы клиникаларынан білім алды, біздің дәрігерлерді жұмыс орнында үйрету үшін шет елдерден озық мамандар шақырылды. Зертханада Швециядан келген проф. Л.А. Левков, Бельгиядан келген дәрігер А. Рыбушкин, Санкт-Петербургтен келген О.А. Воробьева бірнеше рет жұмыс істеді.

Біз әрдайым Ресейден келген біздің жақсы әріптестерімізді Ресейлік адам ұрпағын өрбіту қауымдастығының президенті, проф. В.С. Корсакты, КСРО-дағы ЭКО пионерлерінің бірі, проф. Б.В. Леоновты, проф. Л.Н. Кузьмичевті, Санкт-Петербургтен келген

Ресейлік Акушерлік, гинекология және перинатология орталығы директорының қазіргі таңдағы орынбасары, проф. А.И. Никитинаны, Украинадан келген проф. В.Ф. Дахноны және В.Д. Зукинаны жылы жүзбен еске түсіреміз.

Әрі қарай, РМИ ҚРТ саласындағы ірі әлемдік ұйымдардың қатысушысына айналып, толық құқықты мүшелікке ие болды, атап айтқанда:

ESHRE – Репродуктивтік медицина және эмбриология жөніндегі еуропалық қоғам.

ASRM – Америкалық репродуктивтік медицина қоғамы.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Репродуктивтік медицина саласында кадрлар дайындау, сондай-ақ Қазақстанда ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында 2008 жылы Репродуктивтік медицина институты құрылды, заманауи репродуктивтік технологиялар кафедрасы ұйымдастырылды. Егер 20 жыл бұрын ЭКО Орталығында небәрі 7 қызметкер ғана жұмыс істесе, қазіргі таңда Репродуктивтік медицина институтында 100-ден аса жоғары білікті медицина қызметкері бар, олардың тек 56 дәрігер. Ғылыми зерттеулер де қатарласа дамыды, олар еліміздегі репродуктивтік мәселелер жөніндегі алғашқы кандидаттық және докторлық диссертациялардың негізін қалады.

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ

РМИ мамандары жыл сайын өзінің ғылыми жұмыстарын жүргізіп, жариялап отырады.

2005 жылы біздің «Бедеулік және қосалқы репродуктивтік технологиялар» атты монографиямыз жарыққа шықты.

2015 жылы «Репродуктивтік медицинадағы клиникалық тәжірибе» атты әдістемелік құралымыз жарық көрді.

Бүгінде орталық дәрігерлері жетілдіру курстарында тәлімгер-ұстаздар рөлінде еңбек етеді.

Озық шетел клиникаларында дәрігерлердің деңгейін үнемі жетілдіру фактісі де айтарлықтай маңызды.

2006 жылы ЭКО орталығының медицина директоры Вадим Евгеньевич Полумисков кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап шықты.

О нас фото 5

БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ

Репродуктивтік Медицина Институтында ерлер мен әйелдер бедеулігінің әртүрлі формалары сәтті емделеді. Тиімділікті барынша арттыру мақсатында әртүрлі бағдарламалар жүргізіледі. Ол ИКСИ-ге қосымша жасалатын ИМСИ және ПИКСИ, олар жақсы сападағы бластоцисталарды шығарудың еуропалық көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Аналық бездер мен жұмыртқа қосалқысына биопсия жасаудың жаңа заманауи әдісі — Микро-TESE енгізілді, ол отбасында дені сау баланың туылу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

Мұздатудың жылдам әдісіне — жыныс жасушалары мен эмбриондарды витрификациялауға толығымен ауысу жүзеге асырылды, ол эмбриондар жібітілгеннен кейін олардың тіршілік қабілеттілігінің жоғары нәтижесіне қол жеткізіп қана қоймайды, сондай-ақ жүктіліктің басталу жиілігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Ұдайы жаңартылып тұратын донорлық ооциттер криобанкі құрылды. Құрсақ ана және модификацияланған табиғи цикл бағдарламалары сәтті жұмыс істеп келеді.

Соңғы жылдардың ең жоғары жетістігі ретінде сөзсіз Репродуктивтік медицина институтында FISH және CGH әдістерімен жасалатын имплантация алдындағы генетикалық диагностиканы (ИГД) енгізу деп есептеуге болады. Бұл тұқым қуалайтын және туа біткен ауруларға, әсіресе тұқым қуалайтын патологияның жоғары қаупі бар жағдайларда тек «сау» эмбриондарды ғана таңдап көшіріп салуға мүмкіндік беретін талдау әдістерінің жиынтығы.

FISH әдісі кезіндегі трофэктодерма биопсиясы ем-шарасы дамудың 5-ші тәулігінде (бластоциста сатысында) жасалады, ол эмбриондардың зақымдану тәуекелін төмендетеді және емдеу циклінің тиімділігін айтарлықтай арттыруға, яғни имплантация және жүктіліктің басталу мүмкіндігін арттыруға, сондай-ақ жүктіліктің соңына дейін жетпеу қатерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Хромосомаларды CGH әдісімен зерттеу эмбриондарды жатыр қуысына көшіріп салған сәтке дейін хромосомалардың барлық 23 жұбын әртүрлі генетикалық патологияларға жоғары дәлдікпен зерттеуге мүмкіндік береді.

Чиптердегі салыстырмалы геномдық будандастыру (aCGH) – зерттелетін хромосомалар саны жағынан (максимум 9-12) шектеу қоятын үлкен кемшілігі бар in-situ (FISH) флюоресценттi будандыстыру әдісімен салыстырғанда эмбрионның барлық геномын зерттеудің анағұрлым жетілдірілген технологиясы.

2017 жылда жүктіліктің басталу жиілігі ИГД және CGH циклдерінде 57%-дан асты.

ЭКО зертханасы ең жетілген жоғары технологиялы жабдықпен жабдықталған:
 заманауи мини-инкубаторлар (Origio, Cook) эмбриондарды оттегінің төмендетілген мөлшерімен өсіруге мүмкіндік береді;
Log&Guard өсіру параметрлерін бақылаудың тұрақты жүйесі
 маңызды параметрлердің өзгерісін лезде сезіп, қызметкерлерге хабарлайды;
 ИКСИ емшараларын жүргізуге арналған жетілдірілген INTEGRA 3 станциясы бар OLYMPUSIX73 соңғы буын микроскопы.
TimeLapseMiri инкубаторы —репродуктивтік медицинада нағыз революция жасаған жаңа буын эмбриоскопы. Ол эмбрионның дамуын нақты уақыт режимінде бақылауға және ұрықтанудың алғашқы күнінен бастап эмбрионның фотосуреттерін жасауға мүмкіндік беретін кіріктірме бейнекамерамен жабдықталған.

Бүгінгі таңда біздің ЭКО зертханамыздың жабдықталу деңгейі жетекші еуропалық орталықтардан кем түспейді. Жаңа технологияларды ұдайы енгізудің, заманауи және жоғары технологиялық жабдықтың, орталық мамандарының біліктілігін үнемі арттырудың арқасында ҚРТ бағдарламасының тиімділігі артуда. Қазіргі таңда ол 45% асады.
2008 жылғы репродуктивтік медицина саласындағы мәселелер жөніндегі халықаралық конференцияда Қазақстанның барлық ЭКО орталықтары Қазақстандық Репродуктивтік Медицина Қауымдастығын (ҚРМҚ) құрды, ол дер кезінде және қажетті болғанда құрылды. Қауымдастық Ресейлік және Украиналық репродуктивтік медицина Қауымдастықтарымен (РРМҚ және УРМҚ) бірге белсенді қызмет жасайды, ал 2009 жылы Еуропалық адам репродукциясы және эмбриология қоғамына (ESHRE) және Америкалық репродуктивтік медицина қоғамына (АСРМ) кірді.
Нормативтік актілер әзірлеу, заң шығармашылық қызметіне, конференцияларға, шеберлік-класстарға қатысу, «Репродуктивтік медицина» мамандандырылған журналын басып шығару – мұның бәрі үздіксіз кемелдікке апаратын жол.

БІЗДІҢ ЕМДЕЛУШІЛЕРІМІЗ – БІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫМЫЗ

О нас фото 2

Қазақстандықтарға енді шетелде емделу қажеттілігі жоқ екенін біз мақтана атап өтеміз — «ЭКО» Орталығымызға емделу үшін алыс және жақын шетелдерден емделушілер келеді.
ҚР халқының пікірін сұрау нәтижесі бойынша «Жыл таңдауы» байқауында біздің орталыққа
«Бедеулікті емдеу бойынша «нөмірі 1 клиника» атағы берілді.

Мемлекетіміздің демографиялық жағдайды жақсартуға және халық санының артуына көңіл бөлетін қазіргі таңдағы саясатында бедеулікті емдеу ерекше маңызға ие. Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған демографиялық саясаты мен отбасын нығайту тұжырымдамасы елдегі негізгі қағидаттарды, мақсаттарды, міндеттерді жүзеге асыру механизмдерін және демографиялық жағдайды жақсарту әрекеттерінің бағытын анықтайды.

Тұжырымдаманы іске асырудың болжалды нәтижелері үш және одан артық баласы бар отбасы саны мен пайызын арттыру болып табылады.

РМИ ЭКО орталығының 20 жылдан астам уақыт ішіндегі жұмысы кезінде 12 000 астам бала — Қазақстан Республикасының жаңа азаматтары дүниеге келді.

Біз емделушілеріміздің ата-ана болуына көмектесеміз және бедеулікті емдеудегі заманауи әдістемелердің көмегімен Қазақстандағы демографиялық мәселені шешуге жағдай жасаймыз. Осы мәселелерді ең заманауи және сенімді медициналық технологияларды, тәжірибе мен дәрігерлеріміздің жоғары біліктілігін пайдалана отырып шешеміз.

Аурулар тарихының орнына денсаулық пен бақытты ата-ана тарихы келгенін қалаймыз.

Мы в соцсетях: IRM ссылка на youtube IRM ссылка на facebook