Оталық гинекология

Гинекологиядағы хирургия: оталық емдеу түрлері

Статистика деректері бойынша, әйел адамның ағзасында репродуктивті жүйе ең осал жүйелердің бірі болып табылады. Бұл анатомиялық құрылым ерекшеліктерімен және жүйе орындайтын функциялардың күрделілігімен себептеледі. Көптеген гинекологиялық аурулар бедеулікке, жылауықтардың пайда болуына және түрлі этиологиядағы өскіндердің пайда болуына әкеледі. Барлық аурулар дәрі-дәрмекпен емдеу арқылы жойыла бермейді, айрықша күрделі жағдайларда хирургиялық араласу қажет етіледі. Дәл осындай жағдайларды жедел гинекология шешеді.
Оталық гинекология фото Оталық гинекология — ерекшелігі әйелдің репродуктивті жүйесінің органдарына операциялар жасау болып табылатын жалпы хирургия бөлімі. РМИ клиникасында зақымы аз хирургиялық араласу түрлеріне жататын лапароскопиялық операциялар жүргізіледі. Аз инвазивті операциялардың ерекшелігі классикалық кесудің болмауында – барлық құралдар ішастар қуысындағы дәл белгіленген тесіктер арқылы енгізіледі, ал операция барысы монитордан көрініп тұрады. Оталық араласудың мұндай түрі жасалған отадан кейін қалпына келу мерзімін айтарлықтай қысқартуға және асқыну қатерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

РМИ клиникасының гинекологиясы өз пациенттеріне стационардың екі түрін ұсынады:

  • Бір күндік стационар. Пациенттерді қабылдау және шығару бір күннің ішінде орындалады;
  • Тәулік бойы стационар. Пациенттерді бірнеше күн ішінде қалпына келтіру үшін арналған.

Стационарлардың әрқайсысында гинекологиялық ауруларды оталық емдеудің бірнеше түрі өткізіледі.

РМИ клиникасындағы гинекологияда оталық емдеу

Оталық гинекология фото 2РМИ клиникасындағы гинекологияда оталық емдеуді біліктілігі жоғары мамандар, медицина ғылымдарының кандидаттары, жоғарғы және бірінші санаттағы дәрігерлер орындайды. Клиника ең заманауи диагностикалық және оталық жабдықпен жабдықталған, бұл бедеулікті және репродуктивті жүйе ауруларын емдеуде ең жоғарғы нәтижелер алуға мүмкіндік береді.

Бір күндік стационарда орындалатын оталардың түрлері:

  • Гистероскопия (диагностикалық және оталық). Эндоскопиялық құралдардың көмегімен жатыр мен цервикалды арнаны диагнозды анықтау үшін қарайды. Сол сияқты гистероскопия жатыр қуысындағы синехияларды, цервикалды арнадағы өсінділерді, бөгде денелерді алу үшін қолданылады. Оталық араласудың бұл түрі эндометрийге биопсия жасау үшін және дамымаған жүктілікті тоқтату үшін қолданылады;
  • Гистерорезектоскопия. Күрделілігі І санаттағы хирургиялық емдеу жасалатын аз инвазивті ота. Ота кесусіз немесе құрсақ қуысындағы (қынапқа жол) тесік жасаусыз орындалады. Гистерорезектоскоптың көмегімен орындалады. Тағайындауға көрсетімдер — жатыр дамуының патологиясы, түрлі генездегі миомалар, эндометрийдің өсуі немесе өскіндері, жатыр ішіндегі синехиялар мен қалқалар және тағы басқасы;
  • Жүктілік кезіндегі истмиялық-цервикалды жетіспеушілікті оталық жолмен емдеу;
  • Сыртқы жыныс органдарының пластикасы.

Тәуліктік стационарда келесі жағдайларға оталық ем жасалады:

  • Фаллопий түтіктерінің тарылуы (жабыспалар, түтіктердегі қан айналымының және лимфа ағынының бұзылуы, сұйықтықтың жиналуы, жатырдан тыс жүктілік);
  • Аналық жыныс безінде және жатырдағы өскіндер және қабыну процесстері;
  • Жатыр миомасы, фибромасы;
  • Стресстік зәр ұстамау;
  • Жатыр түсіп кеткенде немесе шығып кеткендегі қынап қабырғаларын протездеу және слингтік оталар;
  • Интимдік түзету және қынап пластикасы.

Оталық гинекология фото 3Сол сияқты стационарда 22 аптаға дейінгі жүктілікті сақтау терапиясы жасалады, ал истмиялық-цервикалды жетіспеушілік кезінде хирургиялық ем жасалуы мүмкін.

Гинекология бойынша лапароскопиялық оталардың хирургиялық емнің басқа да түрлері сияқты бір қатар шектеулері немесе қарсы көрсетімдері бар. Оларға жататындар:

  • тыныс алу, жүрек-қан тамыры жүйесінің ауыр дерттері, ішек-қарын жолындағы асқынған аурулар;
  • қан аурулары (геморрагиялық диатез, гемофилия);
  • диафрагма жарығы;
  • асқынған инфекциялық аурулар;
  • асқынған және созылмалы бүйрек немесе бауыр жетіспеушілігі;
  • 20 аптадан асқан жүктілік;
  • айқын семіздік.

Оталық гинекология бөліміндегі мамандардан кез келген жұмыс күндері сағат 13.00 бастап 16.00 дейін кеңес алуға болады.

РМИ клиникасында гинекология бойынша ақылы оталар жасалады, олардың құны әр жағдайда жеке есептеледі және отаның күрделілігіне байланысты.

РМИ клиникасында лапароскопиялық оталарды жүргізу үшін қажетті талдаулар тізімі:

Лапароскопия (пластика, резектоскопия) үшін зерттеулер тізімі

Қажетті талдауларӘрекет ету мерзім
ҚЖТ10 күн
ЖНТ10 күн
Қан биохимиясы (ақуыз, қант, несепнәр, креатинин, билирубин, АЛТ, АСТ)10 күн
Коагулограмма10 күн
Электролиттер (калий, натрий, кальций)10 күн
Қанның ұйығыштығы10 күн
АИТВ (РМИ, қалалық спид орталығы)3 ай (штрих-код)
RW (Микрореакция қабылданбайды)1 ай
В және С гепатиттері (қанға ИФТ)3 ай
Қан тобы және резус факторбір рет
Флора мен тазалық дәрежесіне жағынды10 күн
Кіші жамбас органдарына УДЗ3 ай
ЭКГ + кардиологтың қорытындысы10 күн
Флюорография12 ай
Анестезиологтың кеңесіОтаға дейін 2 күн қалғанда
Анестезияға және лапароскопия отасына рұқсат беретін терапевттің кеңесі10 күн
Мазок на онкоцитологию6 ай
Көрсетім бойынша аяқтағы тамырларға УДЗ6 ай
СА-125 көрсетім бойынша6 ай

Гистероскопияға зерттеулер тізімі

Қажетті талдауларӘрекет ету мерзімі
ҚЖТ10 күн
ЖНТ10 күн
Қанның ұйығыштығы10 күн
Қысқартылған коагулограмма10 күн
АИТВ (РМИ, қалалық спид орталығы)3 ай (штрих-код)
RW (Микрореакция қабылданбайды)1 ай
В және С гепатиттері (қанға ИФТ)3 ай
Қан тобы және резус факторбір рет
Флора мен тазалық дәрежесіне жағынды10 күн
Кіші жамбас органдарына УДЗ3 ай
Онкоцитологияға жағынды6 ай
ЭКГ + кардиологтың қорытындысы10 күн

Квота (мемлекеттік тапсырыс) бойынша оталар: пациенттер үшін ақпарат

Бюджет қаражаты есебінен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес пациенттер профилді оталардың хирургиялық емін жүргізу үшін Репродуктивті Медицина Институтына жүгіне алады.

Төменде біз квота бойынша оталар туралы ең көп таралған сұрақтарға жауаптарды келтіреміз:

Қандай диагнозбен квота бойынша отаға рұқсат алуға болады?

Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі (бұдан әрі – ТМККК) аясындағы лапароскопиялық оталарды жасау кезіндегі көрсетімдер:

  1. N 97.1 түтіктік генез бедеулігі
  2. Эндокринді генез бедеулігі. Поликистозды аналық без синдромы. N 97.0
  3. Аналық жыныс безіндегі жылауық. D 27.
  4. D 25 жатыр миомасы.
  5. Жатыр денесінің эндометриозы. N 80.0
  6. Пролапс ОМТ N 81.3

2017 жылы ТМККК аясында 89 ота алынды. Олардың ішінде:

  1. Лапароскопиялық қынаптық гистерэктомия
  2. Лапароскопиялық абдоминалды гистерэктомия
  3. Жатырды торлы протезбен лапароскопиялық промонтофиксация
  4. Лапароскопиялық кистэктомия (65.10)
  5. Басқа да лапароскопиялық жергілікті тілу немесе аналық жыныс безінің бұзылуы (65.25)
  6. Аналық жыныс безіндегі және жатыр түтігіндегі жабыспалардың лапароскопиялық лизисі (65.82)
  7. Лапароскопиялық толық гистерэктомия (68.411)
  8. Лапароскопиялық консервативтік миомэктомия немесе субмукозды түйіндердің гистерорезекциясы (68.4110).

Аталған көмек Қазақстан Республикасының азаматтығы бар біздің пациенттерімізге арналған.

РМИ орталығында отаға квотаны қалай алуға болады?

Отаға квота алу үшін заңмен көзделген бір қатар процедураларды орындау қажет:

  1. Хирургтың зерттеуінен өтіп, диагнозы, жоспарланған ота және отаны өткізудің болжамды күні жасалған консультациялық парақты алу қажет. РМИ клиникасында хирургтың консультациясы №226 кабинетте сағат 8.00 бастап 16.00 дейін жүргізіледі.
  2. Мемлекеттік тапсырыс бойынша отаға тіркелу үшін пациент тұрғылықты жері бойынша әйелдерге кеңес беру орнына жүгініп, бұрын алынған кеңес беру парағын ұсынуы қажет. Осыдан кейін квота беру бойынша нәтижені күту қажет. Байланыс ақпараты өзгерген жағдайда міндетті түрде консультацияға хабарлау қажет.
  3. Әйелдер консультациялары квота алуға үміткер пациенттердің деректерін (медициналық карталарын) Ауруханаға жатқызу Бюросының Порталына табыстайды. Оңды шешім алғанда квота ұсынылады.

Оңды жауап алғаннан кейін не істеу керек?

Оталық гинекология фото 4Отаға квота алғаннан кейін емдеуші хирург дәрігермен алдағы хирургиялық араласу күнін келісу керек және онымен келісіп, барлық қажетті талдаулардан өтуі (жаңартуы) керек. Мемлекеттік тапсырыс бойынша ота жасау кезінде пациенттің тағайындалған отаны жасауға қарсы көрсетімдері болмауы керек. ЖУ/ОДСБ Ауруханаға жатқызу Бюросының Порталына тіркейді.

Квота бойынша ота мамандардың барлық талаптары мен кеңестерін қатаң сақтауды көздейді. Медициналық картаны және шартты толтыру үшін міндетті түрде қолданыстағы байланыс ақпаратты ұсыну қажет. Байланыс ақапартындағы кез келген өзгерісті клиникаға хабарлау қажет, өйткені отаны жасау үшін қаражат мемлекеттік бюджет есебінен бөлінеді, ал әр бағдарлама нәтижелері бойынша есеп ҚР ДСӘДМ ұсынылады.

РМИ клиникасының стационарында болу – қолайлылық, қауіпсіздік және медицина қызметкерлерінің өз пациенттерінің денсаулығына деген қамқорлығы. Жаңа технология, заманауи жабдық және білікті қызметкерлер жасалатын емнің барынша тиімділігіне қол жеткуге мүмкіндік береді.

Мы в соцсетях: IRM ссылка на youtube IRM ссылка на facebook