Миссиямыз және мақсаттарымыз

Миссиямыз — заманауи репродуктивті технологиялардың
көмегімен емделушілердің ата-ана бақытын сезулеріне көмектесу.
Мақсаттарымыз:
Емделушілерге заманауи репродуктивті медицинаның ең соңғы технологияларының қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Мақсатқа жетудің негізгі құралдары — халықаралық бейінді конференцияларға қатысу, кәсіби заманауи әдебиетке қолжетімділік, қаржыландыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Елдегі бедеулікті тиімді емдеуді жақсарту. Дүниеге дені сау бала әкелуде оң нәтижелерге қол жеткізу.
Мақсатқа жетудің негізгі құралдары — қызметкерлерді әлемнің үздік клиникаларында ұдайы кәсіби оқыту. Оқу мекемелері мен өзге клиникалардың жас мамандары үшін білім беру алаңын ұйымдастыру.
Ауру туындау қатерінен алдын ала сақтандыру және аурудың даму мүмкіндігін төмендете отырып, профилактикалық жұмыс жүргізу.
Мақсатқа жетудің негізгі құралдары — емделушілермен кеңейтілген кеңес жүргізу, РМИ қызметкерлерімен қоғамдық қызмет, түсіндіру және білім беру сипатында дәрістер өткізу.
Емделушілерге қатысты ниеттілік пен жоғары деңгейде қызмет көрсету қағидаларын қалыптастыру.
Мақсатқа жетудің негізгі құралдары — қызмет көрсету сапасының тиімді стандарттарын енгізу және оның орындалуын қатаң бақылау.
Репродуктивті медицина саласында зерттеулерді жүзеге асыру. Емдеудің жаңа тиімді әдістерін ұсыну.
Мақсатқа жетудің негізгі құралдары — дәрігерлерді ғылыми қызметке тарту. РМИ базасында кафедраны дамыту, жетекші клиникалардың мамандарын тәжірибе алмасуға шақыру.

Мы в соцсетях: IRM ссылка на youtube IRM ссылка на facebook